Тас өңдеу зауыты

Табиғи тастан бұйымдар өндірісі Үстел үсті тақтайлары, терезе алды тақтайлары, сатылар (баспалдақтар) жасау (дайындау)
Гранит, мәрмәр, оникс өңдеу

      +7 (705) 328-28-28 +7 (771) 132-13-30 +7 (7112) 23-00-36

Бас бет

StoneLife – Орал қаласындағы тастан бұйым жасау өндірісі

StoneLife тас өңдеу зауыты тапсырысқа табиғи тастан бұйымдар дайындау қызметтерін ұсынады. Өз жұмысын 2013 жылы бастаған біздің компания жеке тұлғалар мен ұймдардан келіп түскен жеке тапсырыстар бойынша мәрмәрдан, граниттен, оникстен, құм тастан жасалған жоғары сапалы өнім өндіруді табысты атқарып келеді.

StoneLife мамандарына сіз келесі бұймдарға тапсырыс бере аласыз:

  • үстел үсті тақтайлары;
  • терезе алды тақтайлары;
  • каминдер;
  • қаптайтын плиталар;
  • өрнекті едендер;
  • дизайнның түрлі элементтері

Таңқаларлық әсемдігі, төзімділігі, ұзақ сақталатындығы жағынан табиғи тасқа тең келер тас жоқ. Бұл император сарайларын әшекейлеп, корольдер мен атақты тұлғалардың тыныштықтарын қамтамасыз еткен материал. Мәрмәрлы едендер, гранитті каминдер, оникстен жасалған панно мен мүсіндер – бұлардың барлығы осы күнге дейін іріктелген (элиталы) заттар болып есептеледі. Біз ешқашан сәннен шықпайтын, интерьер мен экстерьердің керемет заттарын құптарлықтай бағамен дайындауды ұсынамыз!

Кез келген күрделілігі бар тас бұйымдарын жасау

  • Компания қызметі жеке дизайн-жобаларды және жекелеген бұйымдарды дайындап, іске асыруға бағытталған. Бұған көптеген біздің клиенттеріміз баға беріп үлгерді.
  • Өндірістік база компьютерлік жүйелермен басқарылатын қазіргі заманғы итальяндық және неміс құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Осындай құрал-жабдықтың арқасында тасты өңдеу жұмысы жоғары дәлдікпен жүргізіледі, «адамзаттық факторлардан» болатын қателіктер мүлдем болмайды.
  • Біздің шеберлер тастың кез келген түрімен жұмыс жасайды (негізгі нұсқаларымен сайт каталогынан қарап танысуыңызға болады). Табиғи тастан жасалған үстел үсті тақтайларының, Терезе алды тақтайларының, сатылардың (баспалдақтардың) дайындалу бағасын тез есептеуге сізге онлайн-калькулятор көмектеседі.
  • Интерьер және экстерьер элементтерін дайындау және монтаждау бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынамыз: өлшеу жүргізу, дизайн дайындау, жеткізіп беру, орнату.
  • Сіз бұйымға және жұмыстың барлық түрлеріне кепілдіктер аласыз.

Біздің бағалар – Батыс Қазақстан облысындағы ең тиімді бағалардың бірі. Дайын бұйымға (өнімге) тапсырыс беруден басқа сіз кез келген көлемде слэбтер (жазық тас плиталар) сатып ала аласыз.

Біздің кәсіпорын алдыңғы қатарлы тас өңдеу құрал-жабдығын шығаратын итальндық және неміс өндірушілерінің станоктарымен жабдықталған. Зауыт қоймасында 2000 шаршы метрден асатын мәрмәр, оникс және құм тас бар. Біз Бразилияның, Турцияның, Индияның, Қытайдың, Ресей мен Қазақстанның әлемдік тас жеткізіп берушілерімен жұмыс жасаймыз. Біз қашанда әрбір клиенттің ығайын табамыз және олардың тас туралы идеяларын іске асыруға тырысамыз.

«StoneLife» тас өңдеу зауыты әрқашан әрбір клиентке қуанышты!

Copyright © StoneLife 2019
Сайт жасау
студия "Web-inSite"
+7 (705) 328-28-28 +7 (771) 132-13-30 +7 (7112) 23-00-36
Программа управления сайтами - CMS SiteEdit
Яндекс.Метрика